КГУ "Областная специальная школа-интернат" Управления образования Атырауской области"

Оқу процесі

«Анық сөйле!» атты аймақтық интернет- олимпиадасы
2025 жылдың 17 ақпанында Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп – интернат базасында “Анық сөйле!” атты аймақтық интернет- олимпиадасы ұйымдастырылды. Бұл олимпиадаға Облыстық арнайы мектеп-интернатынан 4 оқушы қатысып, жоғары дәрежелі орындарға ие болды. Соның ішінде 8 сынып оқушысы Қамиева Айкөркем 1 дәрежелі дипломмен (жетекшісі Г.Е.Хайруллина), 7 сынып оқушысы Романқызы Асылжан 3 дәрежелі дипломмен( жетекшісі Х.Досболатұлы), 7 сынып оқушысы Қайржан Аселя 1 дәрежелі дипломмен ( жетекшісі К.Б.Нуржигитова), 9 сынып оқушысы Амангелдіқызы Аружан 2 дәрежелі дипломмен ( жетекшісі Ш.З.Куспанова) марапатталды. Дарынды оқушыларымызға алдағы уақытта да білімдерін шыңдап, асқақ биіктерден көрінуіне тілек білдіреміз.

Мектепішілік педагогикалық оқулар байқауы

🔰Облыстық арнайы мектеп-интернатында мұғалімдердің шығармашылық және инновациялық іс-әрекеттерін қолдау, қазіргі педагогикалық технологияларды, жасанды интеллектіні қолдану бағытында «Қазіргі білім берудегі жасанды интеллекттің рөлі: мүмкіндіктері, бүгіні мен болашағы» тақырыбындағы мектепішілік педагогикалық оқулар байқауы болып өтті.
Мектепішілік педагогикалық оқулар байқауы ашылуында сөз алған мектеп-интернат директоры Л.Ж. Тулепова педагогикалық оқулардың негізгі мақсат-міндеттеріне тоқталып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. ✅✅✅
🔰Әріптестері арасында білім-біліктілігін тәжірибесімен көрсетіп, өздерінің шығармашыл ұстаз екендігін дәлелдей біліп, жүлделі орындар алған мұғалімдеріміз педагогикалық оқулардың келесі кезеңіне жолдама алды.
Әріптестерімізді жеңісті жетістіктерімен құттықтаймыз!
«Білім шамшырағы – Бастауыш»
Атырау облыстық арнайы мектеп интернатында «Білім шамшырағы – Бастауыш» атты бастауыш сыныптар бірлестігінің жоспарына сай апталықтың ашылуы актзалда жоғары деңгейде өтті. Мектеп басшысы Л. Тулепова сөз сөйлеп, апталықтың ашылуымен құттықтап, апталыққа сәттілік тіледі. Бірлестіктің зерттеуші-ұстаз Алмагүл Елтайқызы мектеп ұжымын ашық сабақтардың жүрісімен, осы аптада өткізілетін іс-шаралармен таныстырды. Апталықтың мақсаты: “Білім алудың алғашқы қадамдарының маңыздылығының түсіндіру, оқушыларды жаңа жетістіктерге ынталандыру”. Апталық мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен мәдени концерттік шараларымен жалғасты.

Ашық сабақтар

7 ПДТ қазақ сыныбы
Пәні физикалық география.
Тақырып: Атырау өлкесінің флорасы мен фаунасы.
Мақсаты: Өлкеге тән өсімдіктер мен жануарларды аңықтау және
Қызыл кітапқа енген түрлерін атау.✅✅✅
****************
🔰7-10сыныптар аралығында өткен “Қызықты физика” атты сыныптан тыс шараның негізгі мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, бір-біріне достық, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу. Бұл шарада оқушылар белсене араласып, өз білімдерін көрсете білді. ✅✅✅
*****************
🔰Я Таукенова Гульяра Курманбаевна учитель химий. Провела открытый урок в 7/8-м слабовидящем классе. Тема урока: “История создания периодической таблицы химических элементов. Структура периодической системы. Цель урока: знать и сравнивать классификации элементов на примере работ Дебирейнера, Нью-ленца, Менделеева.
Описать структуру периодической таблицы,
группы и периода. Урок получился ярким и запоминающимся, благодаря использованию современных технологий и интерактивных методов обучения. На уроке учащиеся получили задание С -QR-кодами, было задание с голограммой. Ещё одним инновационным элементом урока стали портреты учёных, с помощью искусственного интеллекта ученики услышали, как учёные рассказывают о своих открытиях. Такой формат способствовал не только запоминанию материала, но и развитию интереса к уроку. Использование технологии сделали урок живым и динамичным, а также показало что изучение химии может быть не только познавательным, но и увлекательным.
«Ұшқыр ойлы топ» атты танымдық сайысы
Ақпанның 5-і күні математика пәні мұғалімі Баймұханова Тоқташ Табылдықызының ұйымдастыруымен өткен «Ұшқыр ойлы топ» атты мұғалімдер арасындағы математикалық танымдық сайысы өте әсерлі өтті. Ойын топтық сайыс түрінде ұйымдастырылып,оған мектептің мұғалімдерінен құралған «Алғырлар» және «Тапқырлар » топтары қатысып, өз білім-біліктерін сынады. Мақсаты ой ұшқырлығын, логикалық ойлау қабілеттерін ұштай отырып, дәлдік пен ұқыптылыққа, шапшаңдық пен ұжымшылдық қасиеттерін жетілдіру. Сайыс соңында мектеп интернат директоры Ләззат Жайшылыққызы жарысты қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттады.
«Сандарды координаталық түзу көмегімен қосу»
Математика пәнінің мұғалімі, жас маман Арманқызы Арухан жаратылыстану бірлестік апталығының жоспарына орай өзінің үздік ашық сабағын ұсынды. 7 нашар еститін қазақ сыныбымен өткізілген ашық сабақтың тақырыбы «Сандарды координаталық түзу көмегімен қосу». Сабақ барысында заман талабына сай цифрлық білім беру ресурстарын қолдана отырып, оқушылармен жеке және ұжымдық жұмыстар жасалды. Топтық жұмысты Wordwall, umaigra платформалары арқылы сәйкестендіру және ойын жарыс тапсырмалары орындалды. Сабақ қызықты өтті және өз мақсатына жетті. Оқушылармен кері байланыс жүргізіліп, бағдаршам әдісі бойынша рефлексия жүргізілді. Сабақты бағалап, зерделеп отырған ұстаздар қауымы оң бағасын берді.
«Қазақша QUIZ» интеллектуалды сайысы
2025 жылдың 3 ақпан күні, Облыстық арнайы мектеп интернатының жылдық жоспарына сай жаратылыстану бірлестігі апталығының басталуымен, ашық сабақтардың жүрісімен, осы аптада өткізілетін іс-шаралармен таныстырып, апталықтың ашылуымен таң тамаша етті.
“Жаратылыстану-ғажайып,
Ізденейік талмайық,
Кел бірлесіп- ойlike!” -тақырыбында кеңінен ой толғап, оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән апталықтарының орны ерекше екенін, сонымен қатар бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар математика, информатика, физика, химия, биология, географияны тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіре отырып, “Қазақша QUIZ” интеллектуалды сайысы мен апталықтың ашылуы өткізілді. ✅✅✅
🔰Жалпы, «Quiz» сөзі ағылшын тілінен аударғанда викторина, сауалнама деген мағынаны білдіреді. Ойын ретінде шамамен 1975 жылдарда танымал бола бастаған. Мұнда қатысушылар топ болып бірігіп, сұрақтарға тапқырлықпен тез әрі шапшаң 30-60 секундта жауап беруден бөлек, логикамен де сыналады. QUIZ интеллектуалды ойынының мақсаты – жүйелі және кешенді интеллектуалды ойындар арқылы заманауи ойын формалары мен әдістерін қолдана отырып, жастардың интеллектуалды дамуын ілгерілету.
Шара барысында мектеп басшысы Л.Тулепова сөз сөйлеп, апталықтың ашылуымен құттықтап, ұстаздарымызға сәттілік тіледі. Апталықтың ашылуы жоғары деңгейде өткізілді.
«Жаратылыстану-ғажайып,
Ізденейік талмайық,
Кел бірлесіп- ойlike!» апталыққа шақыру
Мұғалімнің кәсіби дамуы-білім сапасын жақсартудың негізі
28 қараша күні Атырау облыстық Білім беру басқармасының облыстық арнайы мектеп-интернатында 27-28 қараша күндеріне жоспарланған «Ерекше білім алушыларды сапалы оқыту мен тәрбиелеудің жаңа мүмкіндіктері: «Бірлесу – Кәсіби өсу – Нәтиже» тақырыбындағы белсенді оқу әдіс-тәсілдерін ұсыну семинары өз жұмысын жалғастырды. Бағдарламаға сай,математика пәні мұғалімі Аринова Бақтыгүл 6 сыныпта «Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу » тақырыбындағы сабағында оқушылардың қабілет бейіміне қарай жасанды интеллекті пайдалана отырып, сабақтың мақсатын түсіндіріп, EduCaplay платформасы арқылы оқушылардың өткен сабақтардағы білімдерін қайталап, тексерді. Одан әрі оқушылардың жаңа сабақты меңгеру -игеру бағытында білімдерін нақтылау мақсатында «Бәйтерек», «Домбыра», «Асық» атауларымен ұлттық құндылықтарға сәйкестендірілген есептерді жұптық, топтық жұмыстар арқылы және деңгейлеріне қарай орындаттырды. Оқушылар сабаққа белсенділікпен қатысып, берілген есептерді қызығушылықпен орындады. Одан әрі бастауыш сынып мұғалімі Мақсотова Нұрайдың 4 сыныптағы «Алгоритм умножения на трехзначное число. Охрана памятников культуры» тақырыбындағы математика сабағы өткізілді.Екі күнге жоспарланған семинардың қорытынды бөлімі «Мұғалімнің кәсіби дамуы-білім сапасын жақсартудың негізі» атты тақырыбындағы дөңгелек үстел басындағы ой бөліске ұласты.
Қорытынды бөлімде география пәнінің мұғалімі, зерттеуші-мұғалім санатындағы тәжірибелі ұстаз Тасмұханов Бекбол Кенжебайұлы, бастауыш пән мұғалімі Мәжікова Тоғжан «Мобильді оқытудың тиімділігі»тақырыбында, «Математика сабағында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында тәжірибелі мұғалім Баймұханова Тоқташ, бастауыш пән мұғалімдері сарапшы-педагогтер Қарасаева Надежда, Бохаева Болғанай және модератор-педагог Мырзаш Перизат «Экология-өмірдің жүрегі» тақырыбында жоба жұмысын ұсынса, «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының облыстық кезеңінде жүлдегері, дефектолог мұғалім Жүсіпова Назым «Томатис аппаратының тиімділігі» туралы, «Мнемотехника түрлері» тақырыбында тәжірибелі дефектолог мұғалімі Төлепова Жанар, «Мәтінмен жұмыс кезінде қолданатын тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында мұғалім Құспанова Шаттық, «Сабақ барысында жаңа технологияларды ұтымды қолдану» тақырыбында ағылшын пәнінің мұғалімі Сүлейменова Айдана өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сергіту сәтінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Досболатұлы Хасанның ақын Мұқағали Мақатаевтың «Майгүліме» деп аталатын өлеңін оқып, қатысушыларға тамаша көңіл күй сыйлады.
Ой бөліске қатысқан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау педагогикалық университетінің аға оқытушысы, магистр Омарова Гүлжазира Рузаевна сабақтың табысты болуындағы мұғалімнің әдістемелік шеберлігі туралы ойларымен ортаға салды.Семинар жұмысын қорытындылаған мектеп-интернат директоры Тулепова Лаззат Жайшылыққызы өз тәжірибелерін ұсынған әріптестерге рахмет айтып, әдістемелік жұмыстарды жүйелі жетілдірудегі міндеттер туралы ұсыныстарын білдірді.
Семинар белгілі ғалым Қ.Жұбанов айтқандай, «Егер мұғалім пәнді жақсы білсе, онда дұрыс әдісті де табады» қағидасымен қорытындыланды.
«Ерекше білім алушыларды сапалы оқыту мен тәрбиелеудің жаңа мүмкіндіктері:
«Бірлесу – Кәсіби өсу – Нәтиже» семинары
Атырау облыстық Білім беру басқармасының облыстық арнайы мектеп-интернатында 27-28 қараша күндеріне жоспарланған «Ерекше білім алушыларды сапалы оқыту мен тәрбиелеудің жаңа мүмкіндіктері: «Бірлесу – Кәсіби өсу – Нәтиже » тақырыбындағы белсенді оқу әдіс-тәсілдерін ұсыну семинары өз жұмысын бастап, мектеп директоры Л.Ж.Тулепова қатынасушыларға сәттіліктер тіледі.Мектепішілік озат тәжірибені зерттеу-жинақтау, мұғалімдердің кәсіби біліктілігі мен шеберлігін арттыру, олардың кәсіби дамуына қолдау көрсету, ынталандыру, жаңашылдыққа жетелеу және оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде нақты көмектер беру мақсатындағы семинардың алғашқы күнінде бағдарламаға сай, төмендегідей ашық сабақтар өткізілді:
Бейнелеу өнері пәні мұғалімі Сұлтанова Айдана 3 сыныпта «Кемпірқосақ» тақырыбында сабақ өткізді. Оқушылардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру, түстерді ажырата, таңдай білу және сөздік қорын молайту мақсатында өткізілген сабақта оқушылар тақырыптың мазмұнын түсіне отырып, қажетті түстерді таңдай білді, қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, мальбердте суреттерді бейнеледі, оқушылар сабаққа белсенділікпен қатысып, тапсырмаларды саналы түрде орындады.
Дене тәрбиесі пәні мұғалімі Бақтығалиев Еламан 6 сыныптағы «Шағын футбол. Шабуыл ережелері мен тактикалар. Доппен жаттығулар» сабағында ерекше балалар үшін тиімді жаттығуларға мән берді. Сабақта балаларды шаршатпайтын жеңіл жаттығуларды орындау ұйымдастырылды және оқушыларды бір-бірімен келісіммен әрекет етуге, ойын ережелерін сақтай отырып, бір-біріне көмектесуге, жалпы топтық ойын ережелеріне бағынуға үйретті. Сондай-ақ, сабақты жалықтырмайтындай болуын мұғалім назарда ұстап, оқушылардың жақсы көңіл-күйін сақтай білді.
Есту қабілетін дамыту пәні мұғалімі Нұрсұлтанова Кенжегүлдің 6 сыныбында жеке оқушымен өткізген «Отбасылық құндылықтар [Ұ-Ү] дыбыстарын ажырату» сабағы және дефектолог-сурдопедагог Инирбаева Эльзананың 2 сыныпта өткізген «[М-Н] дыбыстарын ажырату, дағдыландыру» тақырыбындағы сабақтары оқушылардың дыбыстарды анық айтып,ажыратуға бағытталып, әр түрлі әдістермен дыбыстарға катысты тілдік және тілдік емес жаттығу жұмыстары орындалды. Нәтижесінде бүгінгі өткізілген сабақтардың барлығы да «Сабақ – Мақсат – Іс-әрекеттер -Нәтиже» жүйесімен жүргізіліп, әріптестердің қолдауына ие болып, жоғары бағасын алды.
Осылайша ерекше білімді қажет ететін балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім- білік дағдысын, тәртібін қалыптастыруға байланысты ұйымдастырылған сабақтардағы әрбір істеріміздің нәтижелері бала бойынан жетістігімен көрініп, әр кез оң нәтиже танытып келеді.
Семинар жұмысы жалғасады.
«Сақтар» тақырыбында ашық сабақ
Тарих пәнінің мұғалімі Альдешова Айзада Аянқызы гуманитарлық бірлестік апталығының жоспарына орай өзінің үздік ашық сабағын ұсынды. 5 пдт сыныбы мен өткізілген ашық сабақтың тақырыбы «Сақтар». Сабақ барысында заман талабына сай сұранысқа ие болған жасанды интелекті пайдаланумен таң қалдырды. Себебі жасанды интелект жаңа тақырыпты баяндап, өзі анимациялық суреттер құрастырып, оқушылардың қызығушылығын арттырды. Әрмен қарай Сақтардың шаруашылығы мен тұрмыс тіршілігі,пайдаланған қару-жарақтары,айналысқан шаруашылығы туралы қызықты мәліметтермен бөлісті. Кері байланыс орын алып батырдың макеті беріліп ол қалқаны арқылы кері байланыс жасалып құндылығымызға насихат жүргізіпсынды ойындар арқылы оқушылардың сабақтан не түсінгенін бағдарлап отырды. Сабақты бағалап, зерделеп отырған ұстаздар қауымы оң бағасын берді.
«Өмірлік өлшемін – өнермен өрнектеген жандар»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Досболатұлы Хасан гуманитарлық бірлестік апталығының аясында, жоспарға сай “Өмірлік өлшемін – өнермен өрнектеген жандар” атты сыр сұхбат форматында керемет шара өткізілді.✅✅✅
🔰Келген қонақтарымыз қос жанарымен бұл әлемнің там тамашасын көрмеседе, еш мойымай, талай жандар жете алмаған биік белесті бағындырып, өнерімен өрлеген жандар. Екі бірдей қонағымыз өздерін таныстырып, өнерлерін тарту етіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға өнермен айналысуға ешқандай шектеу жоқ екенін, алдағы уақытта қандай жарыстарға қатысуға болатынын, өнерін қалай шыңдау қажет, т.б оқушылардың көкейтесті сұрақтарына жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Қонақтарымыз Талғат Қами Қанатұлы 2017-2024 жылдары аралығында голболдан қазақстан республикасының үштік құрамында, шогдоун спортынан қазақстан бірәншідігінде жүлдеді орын алды. Қос қанат, екі жұлдыз, шексіз әлем шектеусіз мүмкіндік, кавер шоу, сағындырған әндер ай атты республикалық ән байқауларының жүлдегері.
Екінші қонағымыз Данияр Калмурзин.
Арман асулары || республикалық өнер фестивалінің жүлдегері. Вице- министр А. Жүдебаевтан алғыс хат иесі және де
2024 жылдың cover show “үздік өңдеуші” марапат иесі. Республикалық “Музыкалық-аспаптар” жанры бойынша 1 дәрежелі жүлдегері, бірнеше республикалық ән байқауларының және ямаха корг аспабында ойнаудың үздігі. Бұл қонағымыздың бір ерекшелігі өнерге деген құлшынысын өзі дамытып, ешқандай оқу орнын оқымасада үздіктер қатарынан көрінуі.
Шара барысында түрлі әндер айтып, әр түрлі аспаптарда ойнап, спорт пен өнерді қатар алып жүрген Талғат есімді қонағымыз, жүгіру тақтайшасында тұрып, ән шырқап көрермендерді таң қалдырды.
«Қызық екен» интеллектуалдық сайысы
Интеллектуалдық ойынның мақсаты мұғалімдер арасындағы шығармашылық қабілетті, кәсіби біліктілікті және бір-бірімен тәжірибе алмасуды арттыру болып табылады. Мұндай ойындар мұғалімдердің ой-өрісін кеңейтіп, логикалық және аналитикалық қабілеттерін шыңдайды, сондай-ақ ұжымдастықты нығайтып, педагогикалық қарым-қатынасты жақсартуға ықпал етеді.
«Абай Құнанбайұлының өмірбаяны мен шығармашылығы»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Досболатұлы Хасан гуманитарлық бірлестік апталығының жоспарына орай өзінің үздік ашық сабағын ұсынды. 6 пдт сыныбы мен өткізілген ашық сабақтың тақырыбы “Абай Құнанбайұлының өмірбаяны мен шығармашылығы”. Сабақ барысында заман талабына сай сұранысқа ие болған жасанды интелекті пайдаланумен таң қалдырды. Себебі жасанды интелект жаңа тақырыпты баяндап, өзі анимациялық суреттер құрастырып, оқушылардың қызығушылығын арттырды. Әрмен қарай мұғалім тарихи суреттер көрсетіп, ұлы ақынның өмір жолын, тұрмыс тіршілігін және қызықты мәліметтермен бөлісті. Кері байланыс орын алып ұлттық құндылығымызға насихат жүргізіп, “Ақсүйек”, “Теңге алу” сынды ойындар арқылы оқушылардың сабақтан не түсінгенін бағдарлап отырды. Сабақ соңында өздерінің фота суреттерімен бейнеленген 2025 жылдың күнтізбесін сыйға тартты. Сабақты бағалап, зерделеп отырған ұстаздар қауымы оң бағасын берді.
«Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс 1783-1797 жж»
19.11.2024жыл Облыстық арнайы мектеп – интернатында гуманитарлық пәндер апталығында 7 ПДТ сыныбында тарих пәні мұғалімі Досжанова Жанар Бағытқызы «Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс 1783-1797 жж» атты ашық сабағы болып өтті.Сабақтың мақсаты :патша үкіметінің озбырлығын жою,кіші жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы күресі туралы айтылды.Сабақ барысында жаңа технологиялық әдіс-тәсілдер қолданылып , түрлі суреттер беріліп,тапсырмалар орындалды.Сурақ – жауап , картамен жұмыс жүргізілді.Оқушылар сабаққа белсене қатысты.Олардың ой-өрісі дамып ,оқуға деген ынтасы күшейіп ,қызығушылығы артып ,белсенділік танытты .
”Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі”
2024 жылы 19 қараша күні, Облыстық арнайы мектеп интернатының жылдық жоспарына сай гуманитарлық бірлестік апталықтың басталуымен, ашық сабақтардың жүрісімен, осы аптада өткізілетін іс-шаралармен таныстырып, апталықтың ашылуымен таң тамаша етті. ✅✅✅
🔰”Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі” тақырыбында кеңінен ой толғап, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, құқық сынды ұлттық құндылықтар мен біріктіре отырып жоғары деңгейде, мерекелік бағдарлама мен апталықтың ашылуы өткізілді.
Апталықтың мақсаты: Тіл мен тарихтың мол мұрасымен таныстыру. Оқыту жолында шығармашылық деңгейді көтеруде іс тәжірибені бөлісу, жеке тұлғаны даралау. Оқушылар қызығушылығын оятып,белсенділігін арттыру.
Шара барысында мектеп басшысы Л.Тулепова сөз сөйлеп, апталықтың ашылуымен құттықтап, ұстаздарымызға сәттілік тіледі. Әрмен қарай оқушылар ән айтып, би билеп, көркемсөз оқып, білімді артырар сұрақтарға жауап беріп сыйлық алған болатын. Апталықтың ашылуы жоғары деңгейде өткізілді.
«Педагогикалық идеялар фестивалі-2024»
Атырау облысы білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі-2024» байқауының облыстық кезеңіне бастауыш сынып мұғалімі Мырзаш Перизат Хасанқызы, орыс тілі пәні мұғалімі Сүлеймен Айдана Нудьяқызы, арнайы маман – сурдопедагог Жүсіпова Назым Нұрланқызы қатысып, ерекше білімді қажет ететін оқушылар арасында жасалып жатқан түзету-дамыту бағытындағы жұмыстарымен, өзіндік озық іс-тәжірибелерімен бөлісті.✅✅✅
🔰Осы облыстық байқау қорытындысымен әріптестеріміз Жүсіпова Назым Нұрланқызын жүлделі II орын алуымен, Сүлеймен Айдана Нудьяқызын, Мырзаш Перизат Хасанқызын Алғыс хат марапаттарымен шын жүректен құттықтап, еңбектеріне биік шығармашылық табыстар тілейміз!
Прокрутить вверх