КГУ "Областная специальная школа-интернат" Управления образования Атырауской области"

Алғашқы қоңырау соғылды

Бүгін Облыстық арнайы мектеп-интернатында 1 қыркүйек -Білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында “Алғашқы қоңырау” салтанатты жиыны болып, оған 1 , 10 сынып оқушылары қатысты. Ақ бантик тағып, бірдей мектеп формасын киген оқушылар мереке сәнін келтірді.

Салтанатты жиынға ардагер ұстаздар және ата-аналар қатысты.Жиында мектеп-интернат директоры Л.Ж.Тулепова құттықтау сөз сөйлеп, ұжымның 2023-2024 оқу жылындағы жеткен жетістіктері мен биылғы жаңа оқу жылындағы міндеттемелерімен таныстырып, барлық оқушыларға, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге алдағы уақытта сапалы білім мен тәрбие алуға, еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуына тілектестік білдірді.

Шара барысында жаңадан 1 сыныпқа қабылданған жарқын болашақтың кішкентай бүлдіршіндері жалықпай білім іздейтіндіктерін білдіріп, өлең шумақтарын оқыды, осылайша жиынға қатынасушылардың көңілін көтерді. Барлық алғаш мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушыларына сыйлықтар тапсырылып, Әліппе оқулығы берілді.

Одан әрі 10 сынып оқушыларының орындауындағы әсем әнді барша қатынасушылар жылы қабылдап, жаңа оқу жылының «Алғашқы қоңырауы» соғылды.

Салтанатты жиын аяқталысымен 1 сынып оқушыларын сынып жетекшілері мектеп тынысымен, кабинеттерімен таныстырды.

Салтанатты шарадан соң мектеп-интернат психологы А.Исаева барша ата-аналардың қатынасуымен тренинг өткізді.

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ БАРШАМЫЗҒА ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх