КГУ "Областная специальная школа-интернат" Управления образования Атырауской области"

Облыстық арнайы мектеп-интернатта «Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру» негізінде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бағдарламасы бойынша сынып жетекшілер ата-аналармен жиналыс өткізілді.

«Сапалы ұйқы: балалардың дамуы мен денсаулығының іргетасы»

Мақсаты: Ата-аналарды баланың физикалық және психологиялық денсаулығы үшін сапалы ұйқының маңыздылығы туралы ақпараттандыру және дұрыс ұйқы әдеттерін қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар беру.

5-10 сыныптар үшін

Тақырыбы: «Жасөспірімдердегі ұйқы: Оқуға және мінез-құлыққа әсері»

Мақсаты: Ұйқының бұзылуы: дәрігерге кеңес беру үшін негіз.

Ұйқының бұзылуының жасөспірімдердің көңіл- күйіне, мінез-құлқына, оқу қабілетіне әсері.

Дұрыс ұйқы: ұйымдастыру әдістері, жағымды әдеттерді дарыту

Сынып жетекшілер аталған тақырып бойынша ата аналармен жұмыс жүргізді.

Ата-аналарға баланың ұйқы тәртібін бақылау және қолдау көрсетудің маңызды екені түсіндірілді. Жиналыс барысында балалардың денсаулығы мен дамуы үшін сапалы ұйқының негіздері талқыланды, сонымен қатар ата-аналарға пайдалы ұсыныстар берілді.

Жасөспірімдердің дұрыс және сапалы ұйықтауын қамтамасыз ету үшін тиімді әдеттер мен әдістерді дамытуға арналған кеңестер беріліп, ұйқы гигиенасын сақтау, күн тәртібін реттеу, ұйқыға дайындалу рәсімдері мен технологиялық құралдарды пайдалануды шектеу туралы ұсыныстар берілді.

Жиналыс барысында ата-аналарға ұйқының физиологиясы мен бұзылу салдары туралы ақпарат беріліп, балалардың денсаулығы мен оқу үлгеріміне әсер ететін негізгі факторлар талқыланды. Ұйқы гигиенасын сақтауға бағытталған практикалық кеңестер мен әдістемелер ұсынылды.

Педагог-психолог А.М.Исаева ата-аналармен сенімділік орнату барысында тренинг ұйымдастырды.Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналармен бірлескен жұмыстың маңызды екені,болашақта игілікті іс-шаралар жалғасын таба беретіне сәттіліктер тіледі.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх