Математика пәнінің мұғалімі, жас маман Арманқызы Арухан жаратылыстану бірлестік апталығының жоспарына орай өзінің үздік ашық сабағын ұсынды. 7 нашар еститін қазақ сыныбымен өткізілген ашық сабақтың тақырыбы “Сандарды координаталық түзу көмегімен қосу ”. Сабақ барысында заман талабына сай цифрлық білім беру ресурстарын қолдана отырып, оқушылармен жеке және ұжымдық жұмыстар жасалды. Топтық жұмысты Wordwall, umaigra платформалары арқылы сәйкестендіру және ойын жарыс тапсырмалары орындалды. Сабақ қызықты өтті және өз мақсатына жетті. Оқушылармен кері байланыс жүргізіліп, бағдаршам әдісі бойынша рефлексия жүргізілді. Сабақты бағалап, зерделеп отырған ұстаздар қауымы оң бағасын берді.