КГУ "Областная специальная школа-интернат" Управления образования Атырауской области"

Облыстық арнайы мектеп-интернатта үлкен қуаныш.

Облыстық арнайы мектеп-интернатта үлкен қуаныш.
Қазақстанда тұңғыш рет Астана қаласында 4 жылда бір рет болатын парадзюдодан BSA Judo World Championships Astana әлем чемпионаты өтуде.
Әлемнің 40 елінен 300-ден астам спортшылар қатысқан сайыстың бірінші күні мектеп-интернаттың 10-сынып оқушысы Құралова Айназ 46 келі категория J1 салмақта жүлделі үшінші орынды-қола медалды иеленді. Еліміз үшін үлкен мәртебе, мектеп-интернат үшін шынайы мақтаныш.
Айназдың бұл алғашқы жеңісі емес.Осыған дейін де Grand Prix Халықаралық сайыстарға қатысып, күміс, қола жүлделерді жеңіп алған болатын. Оқушымыз тек қана спорттан жетістіктерге жетіп жүрген жоқ, вокаль номинациясы бойынша да бірнеше сайыстардың жеңімпазы. Әндерді тек қазақ тілінде емес орыс, ағылшын, француз тілдерінде керемет орындайды.
Айназ әлем чемпионатындағы жеңісін Қазақ еліне, анасына және ұстаздарына арнайды.
Алдағы уақыттарда Айназға тек алға бағындырар биік шыңдарың көп болсын, біз саған жетістіктер тілейміз.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх