Облыстық арнайы мектеп-интернаты.
Астана қаласында 13-15 мамыр күні аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 40-қа жуық мемлекеттің спортшылары жаһандық доданың жүлдесін сарапқа салды.
Мектеп-интернат оқушысы Айназ Құралова турнирдің бірінші күні Jl категроиясында,46 кг салмақта қола медалды жеңіп алған болатын.15 мамыр күні Қазақстан әйелдер құрамасы жарыс жолында алтын медаль иеленді.А.Құралова алтыннан алқа тақты.Айназдың есімі Қазақстандық жүлдегерлер тізіміне тіркелді.
IBSA Judo World Championships Astana әлем чемпионатынан жеңіспен оралған Айназды мектеп -интернат ұжымы ,оқушылары Айназды аэропорттан күтіп алып,құттықтап гүл шоқтарын сыйлады. « Дзюдо менің хоббиім, ол маған қуаныш пен шабыт әкеледі», — дейді Айназ Құралова.Мектеп-интернат директоры Л.Ж.Тулепова Айназды жеңісімен құттықтап,денсаулық, алар асуларың көп болсын деп тілек білдірді.