Мемлекеттік ту көтеріліп, Әнұран орындалды. Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Тулепова Лаззат Жайшылыққызына беріліп, барлық жиынға қатысушыларды Білім күні мерекесімен құттықтады.
Мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1-ші сынып оқушыларына қатысушылардың қошеметімен Әліппе, Букварь оқулықтары салтанатты жағдайда табысталды. Содан соң Алғашқы қоңырау соғу құрметі мектебіміздің жас бүлдіршіндері 1-ші сынып оқушыларына беріліп, сыңғырлаған қоңырау үні барша қатысушыларды айырықша әсем күйге бөледі.
Көңілді өткен салтанатты шарадан соң 1-қыркүйек Білім күні мерекесіне арналған 1-10 сыныптарында «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп оқушылар мен ата-аналар сынып сағаттарына қуаныса қатысты.


