2023 жылдың 30 қарашасы күні Облыстық арнайы мектеп-интернатында Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру бойынша “Тоғыз айға тоғыз іс- шара” тұжырымдамасы негізінде республикалық “Асық ату” челленджінің қорытынды жарысы өткізілді. Қараша айында мектепішілік тәрбие жоспарына сай барлық сыныптарда асық ойынынан жарыстар ұйымдастырылып, өткізілді және сонымен қатар дене шынықтыру сабақтарында да асық қолданылды. Соңғы уақытта мемлекеттік қолдауына ие болған асық ойыны ерекше білім алуы қажет балаларды ептілікке, ширақтыққа, олардың қол моторикасын дамытуға және түсті ажырату, санау арқылы сөз байлығын молайтуға әсері мол болды , асық ойыны балалардың үлкен қызығушылығын туғызды.

