КГУ "Областная специальная школа-интернат" Управления образования Атырауской области"

«Бұлақ көрсең көзін аш» тақырыбындағы ата-аналармен кезекті бас қосу

2024 жылдың 26 қаңтары күні «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жоспарына сай облыстық арнайы мектеп-интернатында 5-9 cынып оқушыларының ата-аналарымен «Бұлақ көрсең, көзін аш» тақырыбында кезекті 5-ші сабағы болып өтті.

           Шараға қатысқан мектеп-интернат директоры Л.Ж.Тулепова ата-ана, мектеп, оқушы арасындағы ынтымақтастық одағында нәтижелі мақсатқа жету жолындағы әр тараптың міндеттерін саралап, бірлесе жұмыс жасаудың тиімділігін нақтылай келе кезекті сабақ жұмысына сәттіліктер тіледі.

           Ата-аналардың үйде балаларымен біріккен мақсатқа жетуіне бағытталған интеллектуалдық ойындар мен жаттығуларды қолдану дағдыларын дамыту мақсатындағы «Төзімділік жаттығуы» тақырыбымен сабақты мектеп психологы А.Исаева жұмыстар ұйымдастырып , ортақ мақсатқа жету жолындағы жұмыстарда кездесетін қиыншылықтарды бірлесе жеңуде ата-аналармен біріккен түрлі ойын жаттығуларды жүргізді. Одан әрі мектеп мұғалімдерінің ұйымдастыруымен тақырыбында концерттік қойылым ата-аналардың қатысуымен орындалды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх