КГУ "Областная специальная школа-интернат" Управления образования Атырауской области"

Облыстық арнайы мектеп-интернатында 2024 жылдың 1-ақпан тәрбиешілер Сакенова Лязат пен Рахметова Марфуғаның ұйымдастыруымен “Дені саудың-жаны сау” атты ашық тәрбие сағатын өткізді.

Мақсаты: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығы, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру.

           Денсаулықтың жақын достарымен дос болу. Зиянды әдеттерден аулақ жүру туралы айту. Жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын дамыту. Ашық тәрбие сағатын өткізу барысында балалар, “Шаттық шеңберін” құрып, бір-біріне сәттілік тіледі. “Миға шабуыл” стратегия әдісі бойынша сұрап жауап алынды. Сабақтың жалғасы “Денсаулық гүлінің күлтешелерін” таңдау арқылы балалар өз ойларымен бөлісті. Көңілді әнмен сергіту жаттығуы орындалды. “Денеңді тік ұста”, “Дүкен” ойындарын ойнауда балалардың қызығушылықтары арта түсті. “Венн диаграммасы әдісін қолданылып, балаларға денсаулыққа зиянды, зиянды емес әдеттердің ерекшеліктерін салыстырды. Сабақ соңында балалар, тәрбиешілермен “Шар рефлексиясы” арқылы кері байланыс орнатып, сабақтан алған білімдерін бекітті. Сабақ өз мақсатына жетті.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх