КГУ "Областная специальная школа-интернат" Управления образования Атырауской области"

Білімім – отаныма

2024 жылдың 24 мамыр күні «Облыстық арнайы мектеп-интернатындағы» барлық сыныптар арасында «Білімім – Отаныма!»атты жалпы республикалық бірыңғай тәрбие сағаттары өтті. 2023-2024 оқу-жылын қорытындылауға арналған тәрбие сағаттарының мақсаты балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор және білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу. Тәрбиелік шараға мектеп ұстаздары, ата-аналар қатысты.

Тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Іс -шарада Оқу ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың республиканың білім алушыларына құттықтау сөзі мультимедия арқылы көрсетіліп, тыңдалды. Одан әрі мектеп-интернат директоры Л.Ж.Тулепова оқу жылының аяқталуымен қатысушыларды құттықтап, оқу жылының қорытындысына орай әрбір оқушының, мұғалімнің жыл бойғы еңбегіне ризашылық білдіріп, жыл бойындағы жетістіктері туралы тоқталып, белсенді оқушыларды марапаттады.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх