КГУ "Областная специальная школа-интернат" Управления образования Атырауской области"

Облыстық арнайы мектеп-интернатта «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» жоспарына сай жасөспірімдер арасындағы келеңсіз оқиғалардың алдын алу бойынша Атырау қаласы полиция басқармасы қалалық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының учаскелік поиция инспекторы полиция капитаны Б.Б.Бердаулетов қауіпсіздік ережелері туралы жиын жүргізді.

Аталмыш жиынның мақсаты жасөспірімдер арасындағы келеңсіз оқиғалардың алдын алу. Жиынды мектеп-интернат директоры Тулепова Л.Ж ашып сөз сөйлеп ювеналды полиция тобының учаскелік поиция инспекторы полиция капитаны Б.Б.Бердаулетовті таныстырды.

Түсіндірме жұмысы барысында сөз алған Б.Б.Бердаулетов қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін,қателіктерге жол бермеуге шақырып,оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Әлімжеттік және соңғы кезде әлеуметтік желілердегі бейтаныс сайттарға кірмеу, күмәнді сілтемелерді қарамау ол нәрселер түрлі жағымсыз жағдайларға ұшырататыны туралы хабардар етіп,жан-жақты түсінік айтылды.Көп уақыттарын әлеуметтік желіде өткізгенше кітап оқу керектігін,спортпен шұғылданып,үй жұмысына көмектесіңдер деп ақыл -кеңеспен қорытындылады. Жиынға оқушылармен қатар сынып жетекшілер қатысты.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх