КГУ "Областная специальная школа-интернат" Управления образования Атырауской области"

2024 жылдың 7 қазан күні Атырау облыстық білім беру басқармасының «Облыстық арнайы мектеп интернатында» «Теңізшевройл» компаниясының демеушілігімен алынған 43 электронды музыкалық Брайль оқу-құралдарын тапсыру салтанаты өтті.

Салтанатты шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілі- Сейтжан Кенжеғұл,

Теңізшевройл компаниясының Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджерінің орынбасары -Хеймиш Полс,

“SEZUAL” ЖШҚ қоғаммен байланыс және БАҚ-та жариялау жөніндегі менеджері-Нұрбек Енсебаев және

“Прикаспийская коммуна” қоғамдық-саяси газетінің тілшісі -Анжелика Ким қатысты.

Музыкалық Брайль оқулықтары көздері нашар көретін,көрмейтін оқушылардың шығармашылық өнерлерін дамытуға арналған музыка сабағында қолданатын қажетті оқу құралдары.Пән мұғалімі Дәулетиярова Д.Ғ 2-3 көрмейтін сынып оқушыларымен электронды музыкалық Брайль оқу-құралдарын пайдаланып, сабақ өткізді.Оқушылар қызығушылықпен сабаққа белсене араласып,қолдану тәсілін тез меңгеріп алды.

Шара қонақтары сөз сөйлеп, мектеп-интернат директоры Тулепова Л.Ж Теңізшевройл компаниясына және ұйымдар арасындағы ынтымақтастыққа ризашылығын білдіріп,сөз сөйледі.Шара соңы оқушылардың өнерлерін көрсетумен аяқталды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх