2024 жылдың 28-ші қазаны күні Облыстық Білім беру басқармасының «Облыстық арнайы мектеп-интернатында» оқу-тәрбие жұмыстары жоспарына сай «Тиімді идеялар жәрмеңкесі» тақырыбында мектепішілік озық тәжірибелер семинары болып өтті. Семинар мұғалімдердің өзіндік шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, оның жүзеге асыруын қолдау және кәсіби өсуін ынталандыру, инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында ұйымдастырылды.
Семинарға әр бірлестіктер бойынша шығармашыл топ мүшелері қатысты. Олар
педагогикалық жобалар қорғау жұмысында «Шығармашыл толқын» бағыты бойынша «SMART –оқыту, оқу процесін ұйымдастыру қағидаттары» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Мырзаш Перизат, «Сабақ аяқталған соң…» бағыты бойынша «Еңбегі адал жас өрен» бағдарламасы аясында «Еңбек түбі- береке» тақырыбымен Сүлеймен Айдана, «Психолог сандықшасы» бағыты бойынша «Нашар еститін бастауыш сынып оқушыларының танымдық процесстерін дамытуда «Томатис» аппаратының тиімділігі» тақырыбында арнайы маман – сурдопедагог Жүсіпова Назым Нұрланқызы қатынасып, таңдап алған бағыттары бойынша тақырыптық жұмыстарында өз білімдері мен біліктіліктерін әріптестеріне ұсына отырып, өз тәжірибелерін жан-жақты талдап түсіндіріп, идеяларын ортаға салды.
Семинарда жұмыстарын қорғаған қатысушылар оқушылардың білім сапасын жақсартуда ортақ мүддеге ұмтылған «ата-ана – мұғалім- оқушы» арасындағы тығыз байланыстың тиімділігі жағына баса тоқталды.
Семинарға қатысып, қорытындылаған мектеп-интернат директоры Л.Ж.Тулепова өз тәжірибелерімен бөліскен қатынасушыларды арнайы «Алғыс хаттармен» марапаттап, шығармашылық табыстар тіледі.


