Атырау облысы білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі-2024» байқауының облыстық кезеңіне бастауыш сынып мұғалімі Мырзаш Перизат Хасанқызы, орыс тілі пәні мұғалімі Сүлеймен Айдана Нудьяқызы, арнайы маман – сурдопедагог Жүсіпова Назым Нұрланқызы қатысып, ерекше білімді қажет ететін оқушылар арасында жасалып жатқан түзету-дамыту бағытындағы жұмыстарымен, өзіндік озық іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Осы облыстық байқау қорытындысымен әріптестеріміз Жүсіпова Назым Нұрланқызын жүлделі II орын алуымен, Сүлеймен Айдана Нудьяқызын, Мырзаш Перизат Хасанқызын Алғыс хат марапаттарымен шын жүректен құттықтап, еңбектеріне биік шығармашылық табыстар тілейміз!



