2024-2025 оқу жылының қараша айында мектеп-интернатымыздың 10-сынып оқушылары Құралова Айназ Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт Министрлігінің Спорт және Дене шынықтыру Істері Комитетінің ұйымдастыруымен өткен пара дзюдодан J1 класы бойынша Қазақстан Республикасының кубогында 46 кг салмақ дәрежесінде жүлделі І-орын алса, Қисмедин Данияр Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт Министрлігінің Спорт және Дене шынықтыру Істері Комитетінің ұйымдастыруымен өткен голболдан көру органдары зақымдалған спортшылар арасындағы ҚР-ның чемпионатында жүлделі III-орынды иеленді. Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз.
Қараша айының соңғы күндері Астана қаласында пара дзюдодан Халықаралық Гран При сайысы өтеді. Бұл сайысқа оқушымыз А.Құралова қатысады. Мектеп-интернат ұжымы, ата-аналар ұйымы Айназға сәттілік тілейміз.