Облыстық арнайы мектеп-интернатының оқушысы республикалық ән байқауының Бас жүлдесін жеңіп алды. Жақында Қазақстан республикасы Оқу-ағарту министрлігі және Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен композитор Н.Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Біз Отанның ұланымыз!» атты республикалық оқушылардың ән байқауы болып өтті. Республикалық өнер байқауына мектеп-интернатымыздың 6 сынып оқушысы Темірханова Алтынай қашықтықтан қатынасып, композитордың «Құстар қайтып барады» әнін орындап, ерекше орындауымен топ жарып, қазылар алқасының жоғары бағасы байқаудың Бас жүлдесін жеңіп алды.
Оқушымыз Алтынайға алдағы өнер байқауларында биік жетістіктер тілейміз!

