КГУ "Областная специальная школа-интернат" Управления образования Атырауской области"

«Бүкіл отбасы үшін пайдалы рацион»

Облыстық арнайы мектеп-инттернатта 15-қарашада «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде ата-аналармен ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының кестеге сәйкес жоспары бойынша екінші сабағы өтті. Сабақ замануи форматта өткізілді.Сабақтың тақырыбы

Бүкіл отбасы үшін пайдалы рацион

Мақсаты:

Баланың ​салауатты​ өмір ​салтының ​шарты​ ретінде ​ата-аналардың теңдестірілген тамақтану мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.

Міндеттері:

• ата-аналардың дұрыс тамақтануды отбасылық дәстүрге айналдыруға деген ұмтылысын тәрбиелеу;

• рационның баланың денсаулығы мен әл-ауқатына әсері туралы ата- аналардың түсініктерін кеңейту;

• ата-аналардың отбасында дұрыс тамақтануды ұйымдастыру дағдыларын игеруіне ықпал ету.

Құндылықтар мен жеке қасиеттер: ауызбіршілік пен татулық

Бүгінгі сабаққа ата-аналар қатысты.Ұйымдастырушылар мектеп-интернаттың педагог-психологы А.М.Исаева,мұғалімдер Н.Қарасаева,М.Бағытжанқызы,Н.

Ұйымдастырушылар ата-аналарды көкөністер және жемістер деп топқа бөлді.

Ата-аналарға көтеріңкі көңіл-күй,жағымды орта қалыптастыру мақсатында

педагог-психолог Исаева А.М «Білесіздер,білмейсіздер» әдісі арқылы треннингпен ашты.

Қарасаева Н «Минералдар, ақуыздар, майлар мен көмірсуларды қайдан алуға болады және олар несімен пайдалы?» атты тақырыпта слайд көрсету арқылы баяндады.

Ата-аналарға баланың физикалық және психологиялық денсаулығы үшін сапалы

тамақтанудың маңыздылығы туралы ақпараттар беріліп,дұрыс тамақтану әдеттерін

қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар айтылды. Жасөспірімдер денсаулығында

тамақтану режимі бұзылса,ағза үшін өте зиян болатыны бейнебаян арқылы баяндалды.

Дұрыс тамақтану адам ағзасын нәрлендіріп, адам өзін жақсы сезіну үшін қуат беретіні туралы түсіндірілді.

.

Бүкіл отбасы үшін дұрыс тамақтану бойынша ата-аналарға арналған жаднамалар таратылды.

«Жемістер» әдісі арқылы ойынмен сабақты қорытындылады.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх