2024 жылы 19 қараша күні, Облыстық арнайы мектеп интернатының жылдық жоспарына сай гуманитарлық бірлестік апталықтың басталуымен, ашық сабақтардың жүрісімен, осы аптада өткізілетін іс-шаралармен таныстырып, апталықтың ашылуымен таң тамаша етті.
”Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі” тақырыбында кеңінен ой толғап, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, құқық сынды ұлттық құндылықтар мен біріктіре отырып жоғары деңгейде, мерекелік бағдарлама мен апталықтың ашылуы өткізілді.
Апталықтың мақсаты: Тіл мен тарихтың мол мұрасымен таныстыру. Оқыту жолында шығармашылық деңгейді көтеруде іс тәжірибені бөлісу, жеке тұлғаны даралау. Оқушылар қызығушылығын оятып,белсенділігін арттыру.
Шара барысында мектеп басшысы Л.Тулепова сөз сөйлеп, апталықтың ашылуымен құттықтап, ұстаздарымызға сәттілік тіледі. Әрмен қарай оқушылар ән айтып, би билеп, көркемсөз оқып, білімді артырар сұрақтарға жауап беріп сыйлық алған болатын. Апталықтың ашылуы жоғары деңгейде өткізілді.


