КГУ "Областная специальная школа-интернат" Управления образования Атырауской области"

“Өмірлік өлшемін – өнермен өрнектеген жандар” атты сыр сұхбат

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Досболатұлы Хасан гуманитарлық бірлестік апталығының аясында, жоспарға сай “Өмірлік өлшемін – өнермен өрнектеген жандар” атты сыр сұхбат форматында керемет шара өткізілді.

Келген қонақтарымыз қос жанарымен бұл әлемнің там тамашасын көрмеседе, еш мойымай, талай жандар жете алмаған биік белесті бағындырып, өнерімен өрлеген жандар. Екі бірдей қонағымыз өздерін таныстырып, өнерлерін тарту етіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға өнермен айналысуға ешқандай шектеу жоқ екенін, алдағы уақытта қандай жарыстарға қатысуға болатынын, өнерін қалай шыңдау қажет, т.б оқушылардың көкейтесті сұрақтарына жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Қонақтарымыз Талғат Қами Қанатұлы 2017-2024 жылдары аралығында голболдан қазақстан республикасының үштік құрамында, шогдоун спортынан қазақстан бірәншідігінде жүлдеді орын алды. Қос қанат, екі жұлдыз, шексіз әлем шектеусіз мүмкіндік, кавер шоу, сағындырған әндер ай атты республикалық ән байқауларының жүлдегері.

Екінші қонағымыз Данияр Калмурзин.

Арман асулары || республикалық өнер фестивалінің жүлдегері. Вице- министр А. Жүдебаевтан алғыс хат иесі және де 2024 жылдың cover show “үздік өңдеуші” марапат иесі. Республикалық “Музыкалық-аспаптар” жанры бойынша 1 дәрежелі жүлдегері, бірнеше республикалық ән байқауларының және ямаха корг аспабында ойнаудың үздігі. Бұл қонағымыздың бір ерекшелігі өнерге деген құлшынысын өзі дамытып, ешқандай оқу орнын оқымасада үздіктер қатарынан көрінуі.

Шара барысында түрлі әндер айтып, әр түрлі аспаптарда ойнап, спорт пен өнерді қатар алып жүрген Талғат есімді қонағымыз, жүгіру тақтайшасында тұрып, ән шырқап көрермендерді таң қалдырды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх