Тарих пәнінің мұғалімі Альдешова Айзада Аянқызы гуманитарлық бірлестік апталығының жоспарына орай өзінің үздік ашық сабағын ұсынды. 5 пдт сыныбымен өткізілген ашық сабақтың тақырыбы “Сақтар”. Сабақ барысында заман талабына сай сұранысқа ие болған жасанды интеллектті пайдаланумен таң қалдырды. Себебі жасанды интеллект жаңа тақырыпты баяндап, өзі анимациялық суреттер құрастырып, оқушылардың қызығушылығын арттырды. Әрмен қарай Сақтардың шаруашылығы мен тұрмыс тіршілігі,пайдаланған қару-жарақтары, айналысқан шаруашылығы туралы қызықты мәліметтермен бөлісті. Кері байланыс орын алып батырдың макеті беріліп ол қалқаны арқылы кері байланыс жасалып құндылығымызға насихат жүргізіп, сынды ойындар арқылы оқушылардың сабақтан не түсінгенін бағдарлап отырды. Сабақты бағалап, зерделеп отырған ұстаздар қауымы оң бағасын берді.