Пара дзюдо – жәй ғана спорт емес, ол рухтың күші, ерік-жігер мен жеңіске деген ұмтылыстың айқын үлгісі демекші, Астана қаласында пара дзюдодан Grand Prix атты халықаралық турнир өтті. Бұл жарыста әлемнің 15 мемлекетінен келген 100-ге жуық ең мықты дзюдошылар бақ сынасып, соның ішінде өзінің шеберлігімен топ жарып шыққан, мектеп -интернатымыздың 10 сынып оқушысы Құралова Айназ 46 келі салмақта жүлделі II орын иеленіп, күміс медалмен мектебіміздің мерейін көкке көтерді. Мектеп-интернат директоры Тулепова Л.Ж. жеңімпаз оқушымызды өзі қарсы алып, жүрекжарды тілегін жеткізіп, гүл шоқтарын сыйлады.
Ел намысын абыроймен қорғап, олимпиада шыңын бағындырған Айназ алдағы жарыстарда да алар асулары мен шығар белестері көп болып, алтыннан алқа тағып, еліміздің көк байрағын желбіретеді деп сенеміз.