КГУ "Областная специальная школа-интернат" Управления образования Атырауской области"

«Ерекше білім алушыларды сапалы оқыту мен тәрбиелеудің жаңа мүмкіндіктері: «Бірлесу – Кәсіби өсу – Нәтиже» семинары

Атырау облыстық Білім беру басқармасының облыстық арнайы мектеп-интернатында 27-28 қараша күндеріне жоспарланған «Ерекше білім алушыларды сапалы оқыту мен тәрбиелеудің жаңа мүмкіндіктері: «Бірлесу – Кәсіби өсу – Нәтиже» тақырыбындағы белсенді оқу әдіс-тәсілдерін ұсыну семинары өз жұмысын бастап, мектеп директоры Л.Ж.Тулепова қатынасушыларға сәттіліктер тіледі. Мектепішілік озат тәжірибені зерттеу-жинақтау, мұғалімдердің кәсіби біліктілігі мен шеберлігін арттыру, олардың кәсіби дамуына қолдау көрсету, ынталандыру, жаңашылдыққа жетелеу және оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде нақты көмектер беру мақсатындағы семинардың алғашқы күнінде бағдарламаға сай, төмендегідей ашық сабақтар өткізілді:

Бейнелеу өнері пәні мұғалімі Сұлтанова Айдана 3 сыныпта «Кемпірқосақ» тақырыбында сабақ өткізді. Оқушылардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру, түстерді ажырата, таңдай білу және сөздік қорын молайту мақсатында өткізілген сабақта оқушылар тақырыптың мазмұнын түсіне отырып, қажетті түстерді таңдай білді, қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, мальбердте суреттерді бейнеледі, оқушылар сабаққа белсенділікпен қатысып, тапсырмаларды саналы түрде орындады.

Дене тәрбиесі пәні мұғалімі Бақтығалиев Еламан 6 сыныптағы «Шағын футбол. Шабуыл ережелері мен тактикалар. Доппен жаттығулар» сабағында ерекше балалар үшін тиімді жаттығуларға мән берді. Сабақта балаларды шаршатпайтын жеңіл жаттығуларды орындау ұйымдастырылды және оқушыларды бір-бірімен келісіммен әрекет етуге, ойын ережелерін сақтай отырып, бір-біріне көмектесуге, жалпы топтық ойын ережелеріне бағынуға үйретті. Сондай-ақ, сабақты жалықтырмайтындай болуын мұғалім назарда ұстап, оқушылардың жақсы көңіл-күйін сақтай білді.

Есту қабілетін дамыту пәні мұғалімі Нұрсұлтанова Кенжегүлдің 6 сыныбында жеке оқушымен өткізген «Отбасылық құндылықтар [Ұ-Ү] дыбыстарын ажырату» сабағы және дефектолог-сурдопедагог Инирбаева Эльзананың 2 сыныпта өткізген «[М-Н] дыбыстарын ажырату, дағдыландыру» тақырыбындағы сабақтары оқушылардың дыбыстарды анық айтып,ажыратуға бағытталып, әр түрлі әдістермен дыбыстарға катысты тілдік және тілдік емес жаттығу жұмыстары орындалды. Нәтижесінде бүгінгі өткізілген сабақтардың барлығы да «Сабақ – Мақсат – Іс-әрекеттер -Нәтиже» жүйесімен жүргізіліп, әріптестердің қолдауына ие болып, жоғары бағасын алды.

Осылайша ерекше білімді қажет ететін балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім- білік дағдысын, тәртібін қалыптастыруға байланысты ұйымдастырылған сабақтардағы әрбір істеріміздің нәтижелері бала бойынан жетістігімен көрініп, әр кез оң нәтиже танытып келеді.

Семинар жұмысы жалғасады.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх