Бүгін 28 қараша күні Атырау облыстық Білім беру басқармасының облыстық арнайы мектеп-интернатында 27-28 қараша күндеріне жоспарланған «Ерекше білім алушыларды сапалы оқыту мен тәрбиелеудің жаңа мүмкіндіктері: «Бірлесу – Кәсіби өсу – Нәтиже» тақырыбындағы белсенді оқу әдіс-тәсілдерін ұсыну семинары өз жұмысын жалғастырды. Бағдарламаға сай,математика пәні мұғалімі Аринова Бақтыгүл 6 сыныпта «Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу » тақырыбындағы сабағында оқушылардың қабілет бейіміне қарай жасанды интеллекті пайдалана отырып, сабақтың мақсатын түсіндіріп, EduCaplay платформасы арқылы оқушылардың өткен сабақтардағы білімдерін қайталап, тексерді. Одан әрі оқушылардың жаңа сабақты меңгеру -игеру бағытында білімдерін нақтылау мақсатында «Бәйтерек», «Домбыра», «Асық» атауларымен ұлттық құндылықтарға сәйкестендірілген есептерді жұптық, топтық жұмыстар арқылы және деңгейлеріне қарай орындаттырды. Оқушылар сабаққа белсенділікпен қатысып, берілген есептерді қызығушылықпен орындады. Одан әрі бастауыш сынып мұғалімі Мақсотова Нұрайдың 4 сыныптағы «Алгоритм умножения на трехзначное число. Охрана памятников культуры» тақырыбындағы математика сабағы өткізілді.Екі күнге жоспарланған семинардың қорытынды бөлімі «Мұғалімнің кәсіби дамуы-білім сапасын жақсартудың негізі» атты тақырыбындағы дөңгелек үстел басындағы ой бөліске ұласты.
Қорытынды бөлімде география пәнінің мұғалімі, зерттеуші-мұғалім санатындағы тәжірибелі ұстаз Тасмұханов Бекбол Кенжебайұлы, бастауыш пән мұғалімі Мәжікова Тоғжан «Мобильді оқытудың тиімділігі»тақырыбында, «Математика сабағында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында тәжірибелі мұғалім Баймұханова Тоқташ, бастауыш пән мұғалімдері сарапшы-педагогтер Қарасаева Надежда, Бохаева Болғанай және модератор-педагог Мырзаш Перизат «Экология-өмірдің жүрегі» тақырыбында жоба жұмысын ұсынса, «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының облыстық кезеңінде жүлдегері, дефектолог мұғалім Жүсіпова Назым «Томатис аппаратының тиімділігі» туралы, «Мнемотехника түрлері» тақырыбында тәжірибелі дефектолог мұғалімі Төлепова Жанар, «Мәтінмен жұмыс кезінде қолданатын тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында мұғалім Құспанова Шаттық, «Сабақ барысында жаңа технологияларды ұтымды қолдану» тақырыбында ағылшын пәнінің мұғалімі Сүлейменова Айдана өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сергіту сәтінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Досболатұлы Хасанның ақын Мұқағали Мақатаевтың «Майгүліме» деп аталатын өлеңін оқып, қатысушыларға тамаша көңіл күй сыйлады.
Ой бөліске қатысқан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау педагогикалық университетінің аға оқытушысы, магистр Омарова Гүлжазира Рузаевна сабақтың табысты болуындағы мұғалімнің әдістемелік шеберлігі туралы ойларымен ортаға салды.Семинар жұмысын қорытындылаған мектеп-интернат директоры Тулепова Лаззат Жайшылыққызы өз тәжірибелерін ұсынған әріптестерге рахмет айтып, әдістемелік жұмыстарды жүйелі жетілдірудегі міндеттер туралы ұсыныстарын білдірді.
Семинар белгілі ғалым Қ.Жұбанов айтқандай, «Егер мұғалім пәнді жақсы білсе, онда дұрыс әдісті де табады» қағидасымен қорытындыланды.



