«Жас Ұлан» ұйымына 12,«Жас Қыран» ұйымына 12 оқушы қабылданды. Қабылданатын оқушылар «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына өтудің жауапкершіліктің мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат болуына міндеттейтінін сезінді.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды.Шараны өткізіп ұйымдастыру тәлімгер А.У.Уаповаға жүктеліп,ұйымдастырылды. Онда мектеп ұстаздары мен ата-аналар қатысты. Ұйымға қабылданушы оқушылар «Өз Отаны – Қазақстанның патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтай отырып, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді. Мектептің ұзтаздары ,әкімшілігі «Жас Ұлан» ұйымына қабылданушыларға туымыз түстес галстуктарын тағып, кеуделеріне төс белгілерін тағып берді.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Қ.Қарамурзин сөз сөйлеп «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарына қабылданғандарды құттықтап, жолдарына сәттілік тілеп, «Жас Қыранға» қабылданған оқушыларды марапаттады. Салтанатты жиынның жабылу рәсімі «Жас Ұланның» әнұранымен аяқталды.


