КГУ "Областная специальная школа-интернат" Управления образования Атырауской области"

Облыстық арнайы мектеп-интернатта «Біртұтас тәрбие»бағдарламасы «Бірлік пен ынтымақ» айы құндылығы бойынша 2-13 желтоқсан күндері аралығында мектепте ҚР Тәуелсіздік күніне орай апталық ұйымдастырылды.


Мақсаты: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
2- желтоқсанда «Тәуелсіздік-бабалардың ұраны» атты тақырыппен апталықтың салтанатты ашылу рәсімі болды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік-бабалардың ұраны» атты тақырыбы аясында өткізілетін іс-шаралар құрылған жоспарға сәйкес өтті.
Бастауыш сыныптарда «Тәуелсіздік – тұғырым» атты тақырыпта ұйымдастырылса , орта және жоғары сыныптарда «Тұғыры биік-Тәуелсіздік » атты тақырыппен тәрбие сағаттары өтті. «Ел тұғыры –Тәуелсіздік» атты тақырыпта сурет сайысы болды. Тәрбиешілер жатақхана тәрбиеленушілерімен «Тәуелсіз елім – Қазақстан» тақырыбымен ашық тәрбие сағатын өткізді.
Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шаралар өте жоғары деңгейде өткізілді. Оқушыларға ҚР Тәуелсіздік күні мерекесінің маңыздылығы тереңінен түсіндірілді. Мерекеге арнап өткізілген әр іс-шараға мектеп оқушылары толығымен қатысып , жоғары деңгейде өтуіне белсене араласты. Апталық өз мақсатына жетті.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх