Президенттік шыршаға Облыстық арнайы мектеп-интернатынан 9-13 жас аралығындағы әлеуметтік жағдайы төмен 15 оқушы қатысты.
Президенттік шырша мерекесінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан облыс әкімі С.Ж. Шапкенов құттықтап, зор денсаулық, мол табыс және Жаңа жылда барлық арманның орындалуын тіледі.Атырау облысының танымал тұлғалары Президент шыршасына келген балаларға бейнежазба арқылы жүрекжарды лебіздерін жолдады. Әдемі безендірілген шырша жанында өнер көрсеткен қызықты ертегілер оқушыларға керемет көңіл-күй сыйлады. Жаңа жылдың басты кейіпкерлері – Аяз Ата, Ақшақар, Жаңа жыл – Жылан ортаға шығып, бүлдіршіндерді айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.Шырша соңында оқушылар сыйлықтарын алды.


