Облыстық арнайы мектеп-интернатта Жаңа жыл мерекесіне арналған жаңа жылдық ертеңгіліктер ұйымдастырылды.Бастауыш сыныптар арасында «Қазақтың ғажайып ертегілері» 5-7 сыныптар арасында «Шырша ғажайыптары!»атты тақырыптарда өтсе , 8-10 сыныптар арасында көңілді ойын, бимен жалғасты.
Мектеп-интернат директоры Тулепова Л.Ж. оқушыларды, ата-аналарды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі.
Балалар ертегілер кейпінде киініп ,көріністер қойды.Шыршаны айналып ән айтып,би биледі.Аяз атамен Ақшақар оқушылардың өнерлерін тамашалап, ізгі -тілектерін білдірді.
Шараны ұйымдастырушы тәрбиешілер әртүрлі кейіпкерлерге еніп, бүлдіршіндерге керемет көңіл-күй сыйлады.
Іс -шара жоғары деңгейде өтті .Оқушыларға демеуші ұйымдардың берілген сыйлықтары табысталды.Тәтті сыйлықтары мен ойыншықтарын алып, әдемі жаңа жылдық сезіммен мәз болды.