КГУ "Областная специальная школа-интернат" Управления образования Атырауской области"

Облыстық арнайы мектеп интернатта шексіз үлкен қуаныш.

Облыстық арнайы мектеп интернатта шексіз үлкен қуаныш.

🔰22 ақпан күні Германияның Хейделберг қаласында өткен жастар арасындағы «Европа кубогы» жарысында пара дзюдодан мектеп-интернатымыздың оқушысы Құралова Айназ бақ сынасып, шеберлігімен жүлделі үшінші орын қола медальды иеленіп, жүлдегер атанды. Айназдың бұл алғашқы жетістігі емес. Қараша айында Астана қаласында пара дзюдодан Grand Prix атты халықаралық турнирде әлемнің 15 мемлекетінен келген 100-ге жуық ең мықты дзюдошылармен бақ сынасып, өзінің мықтылығымен топ жарып күміс медальмен мектебіміздің мерейін көкке көтерген еді.

Жеңімпаз оқушымызды мектеп интернат оқушылары мен мұғалімдері, ата-аналары аэропорттан күтіп алып, гүл шоқтарын сыйлап, құттықтады.

🔰Егеменді еліміздің атын әлемге танытқан Айназ тек спортпен айналысып қоймайды, әртүрлі тілде әнде айтады. Вокаль номинациясы бойынша сайыстарға қатысып жүлделі орындардың жеңімпазы атанып жүр. Алдағы уақыттарда Айназға денсаулық тілейміз, алар асулары көп болып, алтыннан алқа тағып, көк туымызды желбіретеді деп сенеміз.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх