КГУ "Областная специальная школа-интернат" Управления образования Атырауской области"

Алғыс айту күні – шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі

Алғыс айту күні – шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі

Облыстық арнайы мектеп- интернатта Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру бойынша Алғыс айту күніне арналған іс шара өтті.✅✅✅

🔰Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

Шара мақсаты:

Азаматтық қағидаттарға негізделген қазақстандық бірегейлікті дамыту арқылы Қазақстан халқының бірлігін нығайту,жас жеткіншектердің ризашылық пен алғыс ,сыйластық құндылығы туралы түсініктерін қалыптастыру,кішіпейілділік,үлкен кішіге деген сүйіспеншілікке ,сыпайылық қарым-қатынасқа, ізеттілікке тәрбиелеу.

Шарада оқушылардың өлең жолдармен ұстаздарға ,мектеп қызметкерлеріне арнаған алғыстары бейнеленген бейнебаян көрсетілді.Оқушылар шексіз алғыстарын бимен,әнмен жеткізді.Мерекелік шараны мектеп- интернат директоры Л.Ж.Тулепова құттықтап, «Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бұл күн мейірімділік пен ризашылықтың символы. Әрқашан бір – бірімізді қолдап, жақсы тілектерімізді аямайық! Сіздерге бар жақсылық пен мол қуаныш тілеймін!»- деген тілекпен қорытындылады.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх