КГУ "Областная специальная школа-интернат" Управления образования Атырауской области"

Облыстық «Педагогикалық оқулар -2025» қатынасушыларын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Облыстық «Педагогикалық оқулар -2025» қатынасушыларын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

27 наурыз күні өткізілген «Қазіргі білім берудегі жасанды интеллекттің рөлі: мүмкіндіктері, бүгіні мен болашағы» тақырыбында өткізілген білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі педагогикалық оқуларының облыстық кезеңіне облыстық арнайы мектеп-интернатының мамандары, сурдопедагог Жүсіпова Назым Нұрланқызы « Нашар еститін бастауыш сынып оқушыларының танымдық процестерін дамытуда «Томатис» аппаратының тиімділігі » тақырыбымен және технология пәні мұғалімі Мирманова Фариза Ізімбергенқызы «Көркем еңбек сабағындағы жасанды интеллект: оқушылардың шығармашылық қабілетін ашудың жаңа тәсілдері » тақырыбымен қатысып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру бағытында жүргізген жұмыстарындағы шығармашылық жұмыстарын көпке ұсынып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Әріптесіміз Жүсіпова Назым Нұрланқызын жүлделі II орын алып, II дәрежелі дипломмен марапатталуымен шын жүректен құттықтап, еңбегіне биік шығармашылық жетістіктер мен сәттіліктер тілейміз!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх