“Ұлттық Дельфий ойындарының” Атырау қаласы бойынша іріктеу кезеңі өтті.
Мақсаты: Талантты баларды анықтау, әр баланың өзін танытуға және шеберлігін арттыруға мүмкіндік беру. Сайыс әртүрлі кезеңдерден тұрды. Соның ішінде “Эстрадалық ән айту” бағыты бойынша арнайы мектеп-интернатымыздың нашар көретін 10 сынып оқушысы Хайдар Жұлдыз қатысып, бас жүлдеге ие болды.
Мектебіміздің мақтанышы, өнерлі оқушымыз Жұлдыздың таланты мен еңбегінің бағалануы мектебіміз үшін үлкен жетістік болды.
Жұлдыз оқушымызға алдағы уақытта да жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз.
Жұлдызың жарқырай берсін, Жұлдыз!



