Ұстаз есімінің ең ұлағатты, қадірлі мамандық екенін бүгінгі «Ұстаз» фильмі тағы да дәлелдеп өткендей. Шәкірт алдындағы аса жауапкершілік пен оларға білім мен тәрбие беру жолындағы маңызды қадамдардан тұратын мұғалім қызметін айна-қатесіз сипаттаған фильмді мектеп-интернат ұстаздары мен оқушылары қызыға тамашалады. Фильмде жас ұстаздың туған ауылына оралып, өзі оқыған мектепте жұмыс істеп, оқушылармен байланысы көрсетілген.
Мұғалімнің шәкірттерін білім бәсекесіне қабілетті етуге ұмтылысы мен жаңашылдығы, сондай-ақ, педагогикалық қызметтің қиындығы мен қызығы бейнеленген.