Атырау облыстық арнайы мектеп-интернаты мен Атырау облысы «Қоғамдық келісім» КММ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Атырау облысы ҚХА этномәдени бірлестіктері төрағалары, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, интернат оқытушылары мен тәрбиешілері қатысқан шара, Атырау облысы білім беру басқармасына қарасты «Облыстық арнайы мектеп-интернатында» ұйымдастырылып, тәрбиеленушілердің концерттік бағдарламасына ұласты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл кездесудің басты мақсаты – іскерлік және достық қарым қатынасты нығайту, Атырау облысы ҚХА тарапынан мектеп-интернатына қолдау көрсету.
Қос тарап, алдағы уақытта, осы меморандум аясында көптеген шаралар мен бірлескен жұмыстар атқаратына мол сенім білдірді.