КГУ "Областная специальная школа-интернат" Управления образования Атырауской области"

БАЛАНЫҢ КЕМШІЛІГІН ЕМЕС АРТЫҚШЫЛЫҒЫН КӨРІҢІЗДЕР

БАЛАНЫҢ КЕМШІЛІГІН ЕМЕС АРТЫҚШЫЛЫҒЫН КӨРІҢІЗДЕР бұл бүгінгі облыстық арнайы мектеп-интернатында өткен көшпелі тәжірибелі сабақтың дәйек сөзі болды.
Бүгін психология және педагогика кафедрасының Арнайы педагогика білім бағдарламасы бойынша 1 курс студенттеріне “Арнайы психология” пәнінен көшпелі тәжірибелі сабақ Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау Облыстық Арнайы Мектеп-интернат базасында өтті.
Арнайы психология оқу процесінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін, қажеттіліктерін және мүмкіндіктерін ескере отырып, тиімді оқыту әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.
Аталмыш пән студенттерге психологиялық тұрғыдан дайын болуға, әр түрлі психикалық бұзылыстар мен қиындықтарға тап болатын оқушылармен жұмыс істеуге дағдылануға көмектеседі.
Бүгінгі көшпелі тәжірибелі сабақ барысында арнайы мектеп-интернатының психолог маманы Айнур Мухтарқызы өз тәжірибесімен бөлісіп студенттерге өте жоғары деңгейде шеберлік сағатын көрсетті.
Аталмыш сабақты ұйымдастырушы кафедраның аға оқытушысы Айдана Нұржанқызы.
Әрбір бала жарық жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет деп Жүсіп Баласағұн айтқандай әр баланың ерекше қабілетін байқап оның жұлдызын жағу кез келген педагогтың міндеті десек, бүгінгі сабақ арқылы 1 курс студенттерінің мамандыққа деген қызығушылығын әрмен қарай арттырдық деп ойлаймыз.
Осы жолда бізге үнемі қолдау көрсетіп тығыз байланыста жұмыс жасайтын мектеп басшысы Лаззат Тулеповаға психолог Айнур Исаева әрине пән оқытушысы Айдана Онгарбайға ризашылығымды білдіремін.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх