
Ақынның туған жерге, елге, халқына, Отанына, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Ол өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеді. Осыған сәйкес «Өзіңді өзің жақсы көр», «Әттең, әттең», «Туған жер», «Ей, бауырым» өлеңдерін тәрбиешілер мәнерлеп жатқа оқыса, «Арыз жазып кетейін», «Досыма», «Қарасазыма», «Отан», «Бақыт деген не өзі ?» өлеңдерін 3-7 сынып оқушылары жатқа оқып, «Күрең күз» әні бойынша оқушылар би биледі.


