КГУ "Областная специальная школа-интернат" Управления образования Атырауской области"

Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында Облыстық арнайы мектеп-интернатының спорт алаңында Облыстық арнайы мектеп-интернаты мен Тіл мүкістігі бар балаларға арналған №3 облыстық арнайы мектеп-интернат оқушылары арасында футболдан жолдастық кездесу болды.

Мақсаты: жасөспірмдердің денсаулықтарын нығайту, оларға спорттың денсаулыққа пайдалы екенін түсіндіру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болып табылады.
Ұйымдастырушылар екі мектептің денешынықтыру пәні мұғалімдері.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.К.Галиева сайысты ашып, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстауға шақырып, сәттілік тіледі.✅✅✅
🔰Екі команда арасында ойын тартысты қызықты өтті. Есеп 7:5. Облыстық арнайы мектеп-интернаты жасөспірімдерден құралған команда жеңіске жетті.
Ұйымдастырылған футбол жарысы мектеп оқушыларына жарқын эмоциялар мен әсерлі сәттер сыйлады.Жарыс қорытындысы бойынша сайысшыларға 1-2 орындар кубоктар берілді және қатысушылардың барлығы мектеп-интернат директоры атынан арнайы дипломдармен марапатталды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх