КГУ "Областная специальная школа-интернат" Управления образования Атырауской области"

«Мектебім, саған мың алғыс!»

2025 жылдың көктемінде еліміздің әр түкпіріндегі мектептерде соңғы қоңырау соғылып, жас түлектер үлкен өмірге жолдама алуда. Солардың қатарында біздің мектеп-интернаттың түлектері де алтын ұямен қоштасып, жаңа белестерге қадам басып отыр. Осыған орай, оқу ордамызда «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты шара ұйымдастырылды.
Салтанатты шара егеменді еліміздің әнұранымен басталды.Мектеп-интернат үшін оқу жылы үлкен жетістіктерге толы жыл болды.Атап айтсақ мектеп оқушысы Құралова Айназ халықаралық,әлем чемпионатынан парадзюдодан қола,күміс,алтын медалдарды иеленсе,Қайдар Жұлдыз Республикалық «Дельфи» өнер сайысынан Алтын дауыс номинациясын жеңіп алды.✅✅✅
🔰Салтанатты жиынды мектеп-интернат директоры Ляззат Жайшылыққызы жылы лебізімен ашты, түлектерге сәт сапар тіледі. Білім мен тәрбиенің сара жолынан өткен шәкірттердің болашағына зор сенім артатынын жеткізді және ата-аналарға Алғыс хат табыстады. Ата-аналар құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге жүрекжарды тілектерін арнады.✅✅✅
🔰Айназ бен Жұлдыздың орындауындағы «Соңғы қоңырау» әні мектеп бітіруші түлектердің жүрегін елжіретіп,жанарларына жас ұялатты.Үлкен өмірге қадам басқалы отырған шәкірттеріне ұстаздары сәттілік тіледі.
Кеш соңында түлектер ұстаздарына алғыс білдіріп, дәстүрлі вальс биледі. Бұл сәттер мектеп тарихында ғана емес, әрбір түлектің жүрегінде жылы естелік болып қалары сөзсіз.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх