Мақсаты: ата-аналардың балаларды жаңа жағдайға бейімдеу қабілеттерін дамыту. Нәтижесінде: Ата-аналар баланы және оның мінез-құлқындағы өзгеріс себептерін жақсы түсінеді, баламен тиімді қарым-қатынас әдістерін қолдануға үйренеді және туындаған мәселелерді шешудің жаңа жолдарын көре алады. Мектеп –интернаттың педагог-психологы А.М.Исаева «Визитка» таныстыру тренингісін өткізді. «Балалардың бейімделуіне көмек» чек парақтары таратылып ,ата-аналардың пікірлері таныстырылды.
Тақырып бойынша бейімделу кезеңдері мен түрлері туралы презентацияны тифлопедагог А.Е.Есенжанова мен сурдопедагог Н.Н.Жүсіпова таныстырды.Ары қарай практикалық бөлімінде ата-аналарды екі топқа бөліп, баланың психологиялық және педагогикалық мәселелерін шешу жолында кейс сұрақтары таратылып,жауаптары алынды.
«Шешім ағашы» әдісі бойынша екі топтың ата-аналары плакатта бейнеленген жасыл түсті талдың жапырақтарына бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып, айтып қорытындылады.
А.М.Исаева «Балаға ақыл айтпай жол көрсету маңызды екенін,мектеп және ата-ана болып тәлім-тәрбие беруде бірігіп жұмыс жасаудың арқасында балаларымызды жан-жақты тәрбиелей аламыз»-деп қорытындылады

