КГУ "Областная специальная школа-интернат" Управления образования Атырауской области"

Үйретері көп үйірме балаларға Жаңа жылдық көңіл күй сыйлады!

Шыршаны тек Жаңа жыл мерекесі қарсаңында безендіру керек екенін барлық бала біледі.Осыған орай арнайы мектеп-интернатымыздағы бейнелеу және қол өнер үйірмесіне қатынасатын 6-9 сынып оқушылары Жаңа жылға арналған шыршаны және мектеп дәлізін безендіріп, достары мен ұстаздарына жаңа жылға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

           Жаңа жылдық шыршаны безендіру жұмыстарына үйірме жетекшілері, технология пәні мұғалімі Мирманова Фариза мен бейнелеу өнері пәні мұғалімі Сұлтанова Айдана жетекшілік жасады.

           2024 жыл- ұлу жылы болуы себепті шыршаны безендіруде бұл ерекшелік те ескеріліп,түрлі түсті қағаздармен, жіптермен оралған сан алуан ойыншықтар да шыршаны одан әрлеп, әдемі етіп, балаларға қуаныш сыйлайтын деңгейде безендірілді. Дәліздерде ілінген мамық қар үлпектері мен жалт-жұлт еткен жұлдызшалар де жарасымды көрінісімен шынайы үйлесім тапты. Сонымен қатар жасалған бірнеше ойыншық шағын шыршалар да, әр түрлі көлемдегі жай қораптар да орама қағаздармен қапталып, шырша айналасындағы әсемдікті арттыра түсті.Бекітілген кесте бойынша Жаңа жыл мерекесін өткізуге шыршамыз дайын, келе жатқан Жаңа жылымыз баршамызға құтты болсын!

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх