2017 жылдан бері өңір ұстаздарымен бірге жасасып, мұғалімдерге қатысты маңызды жаңалықтарды, ақпарат ағынын таратуға айтарлықтай үлес қосып келе жатқан мерзімді басылымдардың бірі, «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» құрылтайшылығымен шығатын республикалық «Ұстаздық еңбек» газеті. Осы газетті жылма жыл үзбей оқи жүріп көңілге түйгеніміз ол ұстаздарға әдістеме үйрету арқылы ұлағатты ұстаздар тәжірибесі мен еңбегін дәріптеп көрсетуге жалықпаған, ұстаздар шығармашылығына арналған облысымыздағы бірден бір басылым. Әсіресе басылымның «Кәсіподақ тынысы», «Тұлға», «Мұғалімдер іс-тәжірибесінен», «Жаңалықтар», «Сұрақ-жауап» айдарымен шығатын материалдары оқырманын, оның ішінде мұғалімдер қауымын ұстаздар әлеміне қатысты барлық тыныс тіршілігінен хабардар етіп келеді. Басылым ұстаздар қауымына деген ілтипат- құрметімен, жаңашыл ізденісімен тартымды.
