КГУ "Областная специальная школа-интернат" Управления образования Атырауской области"

Балаға қуаныш, ата-анаға шаттық сыйлаған Жаңа жыл шыршасы !

Әр баланың Жаңа жылды ерекше ықыласпен күтетіні анық.

   2023 жылдың 27-28 желтоқсан күндері Облыстық арнайы мектеп-интернатының ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында Жаңа жыл шыршасы болып өтті. Бекітілген кестеге сәйкес, бастауыш сыныптар, 5-8, 9-10 сынып оқушылары үшін өткізілген топтық мерекелік шараларға мектеп директоры Л.Ж.Тулепова қатысып, оқушылардың қуанышымен бөлісіп, оларды жаңа жыл мерекесімен құттықтады, сонымен қатар шараға қатысқан ата-аналарға да ізгі тілектерін арнады. Мерекелік шарада шоу-бағдарлама аясында ертегі және мультфильм кейіпкерлері сахналық қойылым қойды. Жаңа жылдық шыршада балалар аққырау қарға оранған Аяз ата мен әсем Ақшақарды ортаға алып, ән айтып, би биледі. Барлық концерттік нөмірлер тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің қатысуымен қойылды.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх