Бүгін, 2024 жылдың 4 наурызы күні Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен Облыстық арнайы мектеп- интернаты арасындағы екі жақты іскерлік келісім шарт негізінде мектеп-интернат оқушыларының 8 наурыз -аналар мерекесіне арналған «Ана – өмір шырағы» атты концерттік бағдарламасы бойынша университет ұжымы мен студенттерінің алдында өз өнерлерін көрсетті.
Концерттік қойылымды қорытындылаған мектеп-интернат директоры Л.Ж.Тулепова оқушыларды үлкен сахнаға шығарып, балаларға жігер беріп, қоғамға қажет екенін сезіндіріп, оларды үлкен жетістіктерге жетелеуге себепкер болып, ыстық қошеметке бөлеген қамқорлықтары үшін университет басшылығы мен ұжымына алғыс білдірді.
Шара соңында университет Басқарма төрағасы Саламат Нұрмұқанұлы өнерлі оқушыларға ризашылығын білдіріп, олардың жандары қалаған істерімен айналысуына қолдан келгенше жасалған зор мүмкіндіктер мен жасалған жұмыстар үшін мектеп-интернат ұжымына алғыс білдіріп, биік шығармашылық табыстар тіледі.


