18 наурыз – Ұлттық киім күні. Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлігі, жай ғана киім емес, бүтін ұлтымыздың бет-бедерін айқындайтын бабалар мәдениеті, тарихы. Бұрын ұлттық киімдеріміз арнайы мерекелерде ұлықталса, қазір ұлттық киіміміз күнделікті өмірімізге енді. Биылғы Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасына сәйкес, Ұлттық киім күнін әр жұма сайын ұлттық киім киюді дәстүрге айналдырған Облыстық арнайы мектеп-интернат ұжымы да қызу қолдайды.
Ұлтымыздың бет-бейнесі болып саналатын ұлттық киімімізді қастерлеу- баршамыздың ортақ мақсатымыз, өзімізге, халқымызға деген құрметіміз!